“Вирус жұқтырған жануарлар жем шайнай алмай, салмақ тастап жатыр. Кейбіреулер жайылымнан ауру болып келді, ауыздарынан көбік аққан. Жануарларды союға мәжбүр болдық. Менің күйеуім – ветеринар. Ол қалған жануарларды бөліп алып, ал ауруларын антибиотиктермен емдеді”, –дейді Бестамақ ауылының тұрғыны Салтанат Нұрғалиева.