Қазақстандағы 100 мектепте әлі жылы дәретхана жоқ және оны бірінші қыркүйекке дейін шешеміз деген Асхат Аймағамбетовтың тапсырмасы Қызылорда облысында орындалмай тұр. Шиелі ауданындағы №48 мектептің балалары әлі күнге даладағы әжетханаға баруға мәжбүр. Бірақ білім ұясының басшысы мектеп ішіне әжетхана орнатылған және балаларға сонда баруға болады дейді.