Алматыда студенттер көше кезіп, далада түнеуге мәжбүр. Жаңа оқу жылы басталса да жатын орын таппаған жастар пәтер бағасының қымбат екенін айтып, наразы. Студенттердің сөзінше, жалдамалы баспана құнын былай қойғанда риелторлық агенттіктердің қызметі де қалтадан қағады. Ал мамандар сұраныс артқан сайын баға да өсе береді деп отыр. Себебі мегаполисте пәтер іздейтіндер көп те, пәтер аз, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.