Қазақстанда әлеуметтік желідегі тікелей эфир арқылы болашақты болжайтындар саны көбейген. Кейбірі мессенджерде хат алмасу арқылы өз қызметін ұсынады екен. Бірі қызметін бірнеше мыңға бағаласа, енді бірі миллиондап сұрайды. Мәселен, Нұр-Сұлтан тұрғыны тарологқа бір жылда 60 миллион теңге берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап.