Төрт баланың анасы Сәния Нәбиева ұзақ жылдардан бері мал шаруашылығымен айналысады. 2019 жылы көп балалы отбасы мал басын көбейтуді көздеп, мемлекеттік бағдарлама арқылы 3 миллион теңге несие алған. Алайда 11 сиырдың игілігін көре алмапты. Ветеринарлар түліктен бруцеллез ауруын тауып, оны қаладағы шұжық зауытына өткізуге мәжбүрлегенін айтады. 2 жылдан бері өтемақысын төлемеген.

"Бруцеллез деп шұжық комбинатына өткізуге мәжбүрледі": Солтүстік Қазақстанда тұрғындар ветеринарлар сау малды қырып жатыр деп шағымданды
Өмір





































