Террорлық топтың елімізде салған ойраны жұртшылықтың есін алды. Бұл бүлік жамбылдықтарға да оңай соқпады. Дегенмен бүгінде өңірде жағдай тұрақталды. Ахуал арнайы құрылған жедел штабтың қатаң бақылауында. Қоғамдық тыныштықты сақтау бойынша жергілікті билік пен ерікті халықтың, қоғам белсенділерінің бірлескен әрекеті де жалғасады. Соның нәтижесінде бүлінген нысандарды қалпына келтіру жұмыстары қарқын алды.