Бурабай ауданындағы құс фабрикасында тауықтар аштықтан қырылып жатыр. Соңғы үш аптадан бері жаппай өліп жатқан тауықтарды құс бағушылар тек шығарумен келеді. Жем болмаған соң тауықтар екі аптада бір-ақ рет қорек беріледі екен. Ал тауықтардың тамақтандыру технологиясын жаңарту, дәрумендер беру сияқты жұмыстар әлдеқашан ұмытылған. Күнделікті жұмысы тек өлген тауықтарды шығарумен өтетін фабрика жұмысшыларының бірқатары жұмыстан шығып кеткен. Бірақ соңғы екі айдан бері бір тиын жалақы ала алмаған жұмысшылар еріксіз жүргендерін айтады.