Бағаның күрт өсуі, індеттің салдары және экстремалды ауа райы Украинада, Ауғанстанда және одан тыс жерлерде миллиондаған адамдарға қауіп төндіруі мүмкін. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссарының Басқармасы (UNHCR) ескертті. Ұйым алдағы айларда гуманитарлық операцияларды қаржыландыру үшін қаражат сұрайды.