Алматы облысының тұрғындарының айтуынша, оларды полиция қызметкерлері арнайы жасақпен аяусыз тепкілеп, үстерінен жала жауып, соңында қылмысқа қатыстарың жоқ екен деп жібере салған. Жәбір көрдік деген азаматтардың сөзінше, оларды полиция бөлімшесіне жеткізгенге дейін бірнеше рет бастарынан теуіп, ұрған.