Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтар дәрігер Айна Бакееваның сөйлеген сөзінің видеосын таратып жатыр. Бейнежазбада ол COVID-19-ға қарсы вакцина "фашизмның айқын түрі" деп баға береді. Денсаулық сақтау министрлігі шымкенттік дәрігердің Қазақстандағы вакцинация туралы айтқандарын жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.