Республикалық бюджеттің жартысынан астамы әлеуметтік салаға және халықтың өмірін жақсартуға бағытталады. Дегенмен оны тиімді пайдалануда айқын кемшіліктер бар. Бұл туралы сенатор Айгүл Қапбарова еліміздің Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеді.