Ауыл-аймақтағы кейбір мектеп директорлары өздерін шексіз биліктің иесі санап, ойларына не келсе, соны істейтіні жасырын емес. Білім саласындағы осындай берекесіздік пен жемқорлықты тыю үшін министрлік мектеп директорларын жаппай ауыстыру науқанын бастады. Директорлардың ротациясы қоғам тарапынан да қызу пікірталас туғызып жатыр. Ендеше ротация салаға революция жасай ала ма?