Оның айтуынша, халықты тұрғын үймен қамту қиын. Себебі баспананың бағасы шарықтап кеткен. Сала мамандары түйткілді мәселені шешу үшін отандық құрылыс материалдары өндірісін дамыту қажет дейді. Әрине, мемлекет тарапынан қолдау керек. Сондай-ақ құрылыс саласында бәсекелестікті арттырған жөн.