Бұл кейінгі 11 айдағы көрсеткіш. Полиция күрес жұмыстарын күшейткенмен кибер қылмыстың азаятын түрі жоқ. Мыңдаған азамат сан соғып қалып жатыр. Ал оның ашылу көрсеткіші тым төмен. Биыл жыл басынан бері осындай 18 500-ден астам қылмыс тіркелген. Соның небәрі 3 мыңдайы ғана ашылыпты. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы күрес орталығы мәлімдеді. Мамандардың айтуынша қылмыстың көбі тауарды онлайн арқылы сату кезінде жасалады екен.