«2021 жылдың қорытындысы бойынша ел экономикасындағы Алматының үлесі 18 пайыз. Ел табысындағы қаланың үлесі (23,5%-тен) 25,6%-ке дейін өсті. Өткен жылғы қала экономикасының даму көрсеткіштері жоғары өсу динамикасын көрсетті. Алғаш рет қала экономикасына салынған инвестиция көлемі 1,2 трлн теңгеге жуықтады»,- деді әкім.