Елімізде теміржол вокзалдары мен әуежай қызметкерлері жалған вакцинация паспортын сатып келген. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті. Оның сөзінше, ПТР тестілері мен вакцинация паспорттарын қолдан жасағаны үшін 110 қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.