Өзбекстанның экс-президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримованың 131 миллион доллар көлеміндегі қаражаты БҰҰ-ның көпжақты трасттық қорын құру арқылы Швейцариядан отанына қайтарылуға дайын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Өзбекстан әділет министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.