Барыс жылы елімізде дүрбелеңмен басталды. Бейбіт болуы тиіс наразылық митингісінің арты арам пиғылды содырлардың лаңкестік әрекетіне ұласты. Халық арасында алаңдаушылық пайда болды. Осы сәтте ҰҚШҰ-ның ережесіне сәйкес, Президентіміз ұйымға мүше мемлекет басшыларынан еліміздегі жағдайды ушықтырмай, тез қалпына келтіру үшін көмек сұрап, маңызды қадам жасады.