Instagram әлеуметтік желісінде Теректі ауданы тұрғынының дауысты хабарламасы тарала бастаған, онда әйел жануарларды өлтіргеннен кейін өзін "жақсы сезінетінін" және бұл әрекетін алда да жалғастыратынын айтады. "Мейірімді жүрек" қоғамдық қорының әкімшісі Елена Иназемцева бұл хабарламаның жалған емес екендігін растады. Оның сөзінше әйел шынымен де ауылда тұрады және иттерді қолына түскен затпен ұрып өлтіреді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Экспресс К" сайтына сілтеме жасап.