Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде жоғалып кеткен Бауыржан Дәуітбаевты туыстары бес күннен бері таппай жатыр. Айтуларынша, ауыл боп атқа қонған ағайын, дос, бауырлары Ақыртөбе мен Ақбұлым аралығын толық кезіп шыққан. Бірақ бауырлары ұшты-күйлі жоқ. Олар бес күн ішінде іздеуге ат салысқан бірде-бір полицейді не төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерін көрмедік деп ашулы.