Риелторлар жаңа облыс орталықтарыннад маусым айынан бастап пәтердің 20%-ға қымбаттағанын айтады. Мәселен, Жезқазғанда бір бөлмелі пәтердің бағасы 9-15 миллион теңге аралығында. Дегенмен сарапшылар Қазақстанда жылжымайтын мүлік нарығындағы дүрлігу аяқталған дейді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, мамырда сәуір айымен салыстырғанда пәтер екі есе аз сатылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап.