Жамбыл облысындағы жарылыстың кесірінен 120 бала оқитын Жібек жолы ауылындағы мектеп жарамсыз болып қалды. Енді сол білім ордасының оқушылары көрші ауылға қатынап оқуға мәжбүр. Ал, жойқын жарылыстан үйлері қираған Қайнар ауылының тұрғындары бес күннен бері бала-шағаларымен бірге далада түнеп жүр. Халық осы күнге дейін мәселені шеше алмай, халықты үй-күйсіз, далада қаңғытып қойған билікке наразы. Тұрғындар тұруға жарамсыз үйді қайта жөндемей, ауыл халқының әр қайсысына жаңа үй салып берсін дейді.