Елімізде орын алған «қаңтар» оқиғасы қордаланған проблемалардың бетін ашты. Дамудың жаңа сатысына көштік деп жүрген көбіміздің төбемізден жай түскендей болды. Қазір қоғам болып соның себептері мен салдарын талқылауда. Кез келген қоғамда саяси-әлеуметтік проблемалар болмай қоймайды. Ол – дамудың заңдылығы. Алайда ұзақ жылдар бойы шешімін таппаған мәселелердің қордалануы, оның әлеуметтік психологияға кері әсер етуі, қоғамдағы әділеттің аяқасты етілуі секілді факторлар қандай да бір дүмпуге әкеліп соқтыратынын біз тарихтан жақсы білеміз. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық тарихында атқарылған шаруалар аз емес. Оны жоққа шығаруға болмас. Дегенмен де бүркемеленген, ашық жария етілмеген проблемалардың көп екендігіне енді көзіміз жете бастағандай болды. Сонымен, меніңше, осындай зор қақтығыстың болуы себептері мыналар дер едім: