«Энергетика министрлігінің жанармай бағасының көтерілетіндігі туралы мәлімдемесі халықтың үлкен наразылығын тудырды. Сонымен қатар нарықтық экономика жағдайында бағаны жасанды ұстау шетелдік және көлеңкелі субъектілердің ішкі жанар-жағармай нарығын тауысуына алып келеді. Бұл ұлттық экономикаға тікелей залал келтіреді. Көрші елдерге жанар-жағармай экспортының артуы жағдайында тапшылықты болдырмау үшін бағаны теңестіру амалсыз. Бірақ прагматикалық шешім болғанын мойындауымыз керек», - деді А. Садықов премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына жолдаған сауалында.