БҰҰ адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Мишель Бачелет жариялаған баяндамасында осылай делінген. Өйткені жасанды интеллекттің көмегімен адамның жеке тұлғасына қатысты жиналған мәліметтер теріс мақсатта қолданылуы мүмкін. Қыркүйек айында Женевада өткен жиында комиссардың өкілі бұл жөнінде тарқатып айтып берген еді.