«Отандастар» қоры қоғамдық комиссия отырысында көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы талқыланды. Жаңа құжат қоныс аударған этникалық қазақтарды елдің орталық және солтүстігіне орналастыру мәселесін айқындайды. Комиссия қараған негізгі тақырып осы. Сонымен қатар шетелдегі қазақ мәдени орталықтарының қызметі, талап-өтініштері сөз болды. Құжат комиссия отырысында қызу талқыланып, келіспейтін тұстары да айтылды.