Жыл басынан бері Қазақстанға 400 мың Ресей азаматы келді. Олардың 40 мыңнан астамы жергілікті ЖСН нөмір алды. Яғни бұл азаматтар қазақстандық банктерде есеп-шот ашып, кәсіп жүргізе алады. "Хабар 24" тілшісі өз материалында осы тұста таяқтың екі ұшы бар екенін ескеру керек дейді. Бір жағынан егер шет елдік компания өз кәсібін Қазақстанда жүргізіп, қажетті жұмысшыларды жергілікті жерден алса, салық төлесе мемлекет үшін пайда. Ал егер ресейлік азаматтар келіп, қазақстандық компанияларға жұмысқа орналасатын болса бұл тиімсіз. Өйткені өзіміздің қаракөздер екі қолға бір күрек таппай қалуы мүмкін.