Жаздай қуаңшылықтың зардабын тартып, шығынға шаш етектен батқан Маңғыстау облысындағы шаруалар облыс әкімі Нұрлан Ноғаевты өздері іздеп барған. Сөйтсе, аймақ басшысы кабинетінде болмай шықты. Әбден ашынған шаруалар мәселені әкімнің өзіне ғана жеткізетіндерін айтады. Жағдай бұлай жалғаса берсе өңірде аша тұяқ мал қалмайды деп дабыл қағып отыр шаруалар. Ал әкімнің орнына мал иелерінің шағымын тыңдаған ауыл шаруашылығы басқармасының жаңа басшысы үкіметтен көмек беріліп жатыр деп міз баққан жоқ. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арна "Информбюро" жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.