Қарағанды облысында 2000 жылдары қараусыз қалған үйдің иелері сол үйде 18 жыл бойы тұрып келген жалғызбасты ананы далаға қуып шықты. 2004 жылы жергілікті әкімдік пәтерге Елена Мицельді кіргізген. Осы уақыт ішінде әйел үйді ретке келтіріп, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, салығын төлеп келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.