"2021 жылдың сәуірінен бастап тауарларды таңбалау жүріп жатыр. Бұл электронды темекі айналымын бақылауға мүмкіндік береді. Қазір проблемалы сұрақ бар, бұл – жауапкершілік орнату. Жақын арада электронды темекі импорты үшін жауапкершілік енгізу мәселесін ұсынғалы отырмыз. Денсаулық сақтау министрлігі мұндай шылымдардың айналымын шектеу үшін арнайы қойылатын талаптарды күшейтпекші", - деп мәлімдеді Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл.