Бакудегі Ғасан Әлиев атындағы география институтының Каспий теңізі жағалаулары мен түбінің геоморфологиясы бөлімінің меңгерушісі, география ғылымдарының докторы Әмір Әлиев жаһандық климаттың өзгеруі Каспий теңізін апатқа апарып жатқанын айтты. Айтуынша, теңіз өз акваториясының үштен бірінен айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Вестник Кавказа” басылымына сілтеме жасап.