Жамбыл облысындағы әскери бөлімде көз жұмған сарбаз туған жеріне жерленді. Маңғыстаулық Әлібек Қалбайды ақтық сапарға тума-туысы, достары мен Ақшұқыр ауылының тұрғындары шығарып салды. Жаназаға келген жұрт қыршын кеткен жастың өліміне кінәлілер "әділ жазасын алса" дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.