25 жастағы Надия Захарова 2 жыл бұрын елімізге Украинадан көшіп келген. Перзентханада фотограф болып жұмыс істейді. Қазақ тілінің күнделікті өмірде, әрі жұмыс барысында маңызды екенін түсінгендіктен, мемлекеттік тілді үйренуге бел буыпты. Қазірдің өзінде қазақша түсініп, кей тұрмыста қолданылатын сөздерді жаттап үлгерген. Украиналық арудан Қазақстандағы әсері мен екі ел арасындағы дәстүрлік, тілдік ұқсастықтар туралы сөйлестік.