Қазақстандықтар күнделікті жұмысқа бару үшін орта есеппен 35 минутын жұмсайды. Осы аралықта тұрғындар 4119 грамм көмірқышқыл газы шығарындыларын жұтуға мәжбүр. Біздің ел жол трафигінің шамадан тыс жүктелуіне қатысты жасалған әлемдік рейтингте 47 орында тұр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.