Қалалардың ластануы бойынша ең нашар елдер рейтингінде Қазақстан 115 елдің ішінде 33-орынға шықты. Ал қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестициялар бір жылда бар-жоғы 4 пайызға өскен. Energyprom.kz мониторинг агенттігі ұсынған дерекке сенсек, Қазақстанда ластану индексі – 73,4. Индекс неғұрлым үлкен болған сайын, жағдай соғұрлым нашар болады.