Қазақстанда табысы төмен болғандықтан күн аралатып балық, ет, тауық еті бар ыстық тамақ іше алмай жүргендердің үлесі 7%-дан 7,9%-ға дейін өскен. Сонымен қатар жүз азаматтың алтауы өзіне жаңа киім немесе аяқ киім сатып ала алмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ranking.kz сілтеме жасап.