"Орныңыздан кетуіңіз керек. Ал сіздің орныңызға халқына жаны ашитын жақсы маман табу керек. Ренжімеңіз, бірақ Маңғыстау тұрғындары сіздің жұмысыңызға көңілдері толмағандықтан ашулы. Біздің қалауымыз – тезірек әрекет етіп, аймаққа қолдау көрсетіңіздер. Қыстың екі айы ғана қалды, аман өтуге көмектесіңіз. Өткен жылмен салыстырсақ, Маңғыстауда малдың тек төрттен бірі ғана қалды. Егер қалған мал басы Ақтөбеге немесе Оралға сатылды десем, өтірік айтқаным емес", - деді Маңғыстаулық фермер Әділбек Сағындықов.