Қазақстанның Цифрлық платформасын ресейлік Сбер компаниясы жасақтайды дегеннен қоғамда біраз азамат оның ішінде айти саласының мамандары қарсылық білдіріп, министр Бағдат Мусиннен ашық түсіндіруді талап етті. Бұл мәселені Парламенттегі кей депутаттар да түсіне алар емес. Мәжілісмен Ерлан Саиров министр Бағдат Мусинге арнайы сауалхат жолдады. Ал елордалық "Ұлт мүддесін қорғау кеңесінің" мүшелері цифрлы үкіметті "Сбер" компаниясына бермейміз, елімізде атом электр станциясының тұрғызылуына қарсымыз деп, Үкімет пен Парламентке қарар жолдады. Бұл туралы 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасы хабарлайды.