Қасіретті қаңтар оқиғасы елдің ұлттық қауіпсіздік жүйесінде олқылық барын көрсетті. Мемлекеттің егемендігі мен тұтастығына қауіп төнген сын сағатта Қазақстан ҰҚШҰ-дан көмек сұрауға мәжбүр болды. Бүліктен кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздік жүйесін түбейгейлі қайта құруды тапсырды. Sputnik Қазақстан тілшісі сарапшылармен тілдесіп, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға қатысты пікірін білді.