Алматы облысында бір топ ата-ана "Мектепке жол" бағдарламасы аясында берілетін мектеп формасын алудан бас тартып отыр. Себебі әкімдік беретін киімнің сапасы сын көтермейді. Сөздерінше, кейде тегін берілетін костюмнің өлшемі келмегендіктен, өздері киіп тоздырады екен. “Бұл бізді мазақ қылу” деп ашынған аналар формаға бөлінген қаржыны өздеріне беруді талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.