Ақмола облысында 20 мыңнан астам жұмыссыз бар. Өңір қазір кедейшілік пен жұмыссыздық деңгейі бойынша үшінші орында тұр. Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, өткен жылдың қорытындысы бойынша аймақ тұрғындарының 6,4 проценті елдегі ең төменгі күнкөріс көрсеткішінен де аз табыс табады.