Еліміздегі дүрбелең кезінде Ұлттық ұланның екі сарбазы қаза тауып, 400-ге жуық жауынгер түрлі жарақат алған. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұланның 100 техникасының күл-талқаны шыққан. Қаңтардағы қақтығыстан зардап шеккен сарбаздардың жігері мұқалмай, қатарға қайта қосылып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.