COVID індеті жайлаған үш жылға таяу уақыт ішінде Жер шарында жұмыссыздар саны екі есе өсті. Бүгінде 2 миллиард 200 миллион адам кедейліктің құрсауына түскен. Олардың 11 пайызы таза тақыр кедей (780 млн). Осыған орай БҰҰ хатшылығы «әлемде аштық пен жұмыссыздық күрт көбейді» деп дабыл қағып, барлық елдерді кедейшілікпен белсенді күресуге шақырды.