Шымкентте жол-жөндеушілер саяси қуғын-сүргін құрбандары жерленген орынды тапты. Жұмысшылар жол жүргізу кезінде қабірлерге тап болған. Тұрғындар бұған дейін адамдар жерленген жерге тиіспеуді сұраған. Алайда бұған мән бермеген әкімдік жол салу жұмыстарын бастап кеткен, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасы.