Қазіргідей технологиясы дамыған заманда энергия өндірудің әдіс-тәсілдері сан алуан. Кез келген өндіріс орнында өнім сақтайтын қойма болады. Бірақ әзірге энергетика саласының негізгі өнімі, яғни электр энергиясын сақтау мүмкіндігі жоқ. Алдағы уақытта ауқымды электр стансалары өнеркәсіптік энергияны сақтау және әртүрлі электр жинақтаушы нысандар өндіруге назар аударуы тиіс. Өйткені жаңартылатын энергия көздерінің қарқынды дамуы бұл міндетті күн тәртібіндегі басты мәселеге айналдырды.