Сенатор Дана Нұржігіт премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында Үкіметті әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі жұмысты күшейтуге шақырды. Депутаттың айтуынша, соңғы екі жылда 237 әскери қызметші қаза болған. Оның 89-ы аурудан, 62-сі жол апатынан, 50-і суицид салдарынан көз жұмған. Сенатор жағдайды жақсарту үшін әскерге шақырылушылардың ғана емес, жасөспірімдердің де психологиялық жағдайын бақылау маңызды екенін атап өтті.