Түлектер "Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық институтын былтыр тәмамдаса да, оқу орнының ғимаратына қайта-қайта келуден шаршадық дейді. Білім ордасының бізге берген дипломы далада қалдырды деп ашулы. Өйткені осында білім алған 399 студент әлі күнге 4 жылғы оқуының жемісін көре алмай жүр.