Қызылордада мал қырылып жатыр. Қала іргесіндегі Талдыарал ауылының тұрғындары дабыл қағуда. Төрт түліктің арам қатуына - малекпенің кеш салынуы және дәрігердің жауапсыздығы себеп дейді олар.Айтуларынша, мал ветеринарлар екпені уақытылы салмайтын көрінеді. Және ауырған түлікке ем-шара жасамайды. Соның салдарынан жұрт қалған малымыздан да айрылып қаламыз ба деп алаңдайды.