Қызылордада полицейлер "Қазпочта" АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Аида Әбибуллаеваны әлеуметтік желіде 4 қаңтардағы митингке шығуға шақырғаны туралы айтып, облыс әкімінен депутатты жазалауды сұраған еді. Бұл хабардан кейін депутат Facebook парақшасында пікір білдіріп, өзінің азаматтық көзқарасын білдіргенін жазған. Сонымен қатар ол полиция басшысын сотқа беретінін де мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.