Көрші өңірлерден әкелінетін арпа мен кебектің бағасы қымбаттап кеткен. Шаруалар бұрын 1600 теңге тұратын бір қапшық кебекті қазір 2200 теңгеден сатып алуда. Жем-шөп жеп жарытпаған әлсіз мал 10 шақырым жерде тұрған құдыққа су ішуге жете алмай жолда арам қатуда. Мәселен, бұл жерде 30-ға жуық малдың өлексесі жатыр. Дәл осылай жалғаса берсе шаруалар келесі жылы мал қалмауы мүмкін деп болжам айтып отыр.